Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ президенті Сеул мен Пхеньянды келіссөзге шақырды

25 Тамыз 2025, 23:57
694
Бөлісу:
 AP Photo/Alex Brandon
Фото: AP Photo/Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея басшысы Ли Чжэ Менмен кездесу барысында Сеул мен Пхеньян арасында саммит ұйымдастыру идеясын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Біз бұл бағытта бірдеңе жасай аламыз деп ойлаймын. Сіз (Ли Чжэ Мен – ред.) бұрынғы көшбасшыларға қарағанда әлдеқайда бейімсіз. Біз бірлесіп жұмыс істейміз, – деді Трамп.

Вашингтонда өткен бұл кездесу Ли Чжэ Меннің маусым айында қызметке кіріскелі бері АҚШ-қа жасаған алғашқы сапары болды.

Айта кетсек, бұған дейін Солтүстік Корея басшысының әпкесі Ким Ё Чжон екі ел арасындағы қарым-қатынас «қайтарымсыз кезеңнен өтті» деп мәлімдеген болатын. Ал КХДР басшысы Ким Чен Ын елін «антиамерикалық күресте жеңіске жете алады» деп сендірген еді.

Сонымен қатар, The Korea Times дерегінше, Сеул билігі Ким Чен Ынды қазан айының соңында өтетін АТЭС саммитіне шақыру мүмкіндігін қарастыруда. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам екі ел арасындағы шиеленісті жұмсартуға ықпал етуі ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы