АҚШ пен Украина табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастық туралы тарихи келісімге қол қойды. Бұл жөнінде АҚШ Қаржы министрі Скотт Бассетт мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бассетт келісімді "АҚШ Президенті Дональд Трамптың бейбітшілік орнату жолындағы тынымсыз күш-жігерінің нәтижесі" деп атап өтті. Сонымен қатар тараптар Украинаны қалпына келтіруге бағытталған инвестициялық қор құру жөнінде де келісімге келген.
АҚШ пен Украина арасындағы бұл ресурстар туралы келісім Трамп әкімшілігінің Ресеймен шиеленіскен жағдайда бейбіт процесті қолдайтынын көрсетеді.
Айта кетейік, 11 сәуірде жарияланған шарт жобасында Украина тарапынан қауіпсіздік кепілдіктері туралы талаптар ескерілмеген болатын. Сонымен қатар құжатта бұрынғы талаптарға қарағанда қатаң ережелер бар екені айтылған.