Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісім жүргізіп жатыр

12 Сәуір 2025, 17:08
1095
Бөлісу:
 Фото: aa.com.tr
Фото: Фото: aa.com.tr

АҚШ президентінің Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Украина мен АҚШ арасындағы жер қойнауын пайдалану туралы келіссөздердің қайта басталуын жақсы белгі деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оның айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы қайтадан дұрыс бағытқа бет бұра бастады.

Қазір украиналық шенеуніктерден құралған арнайы топ Вашингтонға барып, келісімнің егжей-тегжейін талқылап жатыр. Бұл келісім АҚШ-қа Украинадағы маңызды пайдалы қазбаларға қол жеткізуге мүмкіндік беруі мүмкін.

Келлог америкалық шенеуніктер бұл келісімнің қаншалықты күрделі екенін бастапқыда дұрыс бағаламағанын айтты.

Бұл қарапайым ‘иә’ немесе ‘жоқ’ деп шешілетін мәселе емес. Көп адам бұл процесті толық түсінбеді, – деді ол.

Келісім бойынша соңғы шешімді Украина Парламенті – Жоғарғы Рада қабылдайды. Сонымен қатар, Келлог АҚШ тарапы Украинада нақты қандай пайдалы қазбалар бар екенін және олардың нақты құны қандай екенін өзі де толық білмейтінін айтты.

Украинада пайдалы қазбаларды зерттеу жұмыстары соңғы рет Кеңес Одағы кезінде жүргізілген, – дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы