АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөнінде келісімге келді

25 Наурыз 2025, 09:12
1110
Бөлісу:
АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөнінде келісімге келді
Фото: president.gov.ua

Трамп АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөнінде келісімге келгенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Киев украиналық пайдалы қазбалар жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді. 

Жақын арада бұл келісімге қол қойылады. 

Трамп қазіргі уақытта «шекаралық шептер» мен атом электр станцияларына бақылау мәселесі талқыланып жатқанын айтты.

Қазір біз аумақ туралы айтып отырмыз. Біз шекаралық сызықтар, энергетика, электр станцияларға меншік туралы сөйлесіп жатырмыз. Кейбіреулер электр станциясы Америка Құрама Штаттарына тиесілі болуы керек дейді… өйткені бізде тәжірибе бар, — деді Трамп дүйсенбі күні.

Өзгелердің жаңалығы