АҚШ-пен Ресей арасындағы кезекті келіссөз басталады

6 Сәуір 2025, 21:12
1078
Бөлісу:
АҚШ-пен Ресей арасындағы кезекті келіссөз басталады
Фото: UAinfo

Владимир Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев Кремль мен АҚШ арасында жаңа байланыстар болатынын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, бұл келіссөздер 7 сәуірден басталатын аптада өтуі мүмкін.

Ресей тарабы АҚШ-пен “өзара құрметке негізделген диалог басталды” деп мәлімдеп отыр. Дмитриевтің сөзінше, қазіргі басты мақсат — Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе экономикалық және инвестициялық салаларда, қалпына келтіру.

Мен бұл іспен көп жылдан бері айналысып келемін. Қазір екі ел арасында жақсы, салмақты әңгіме басталды, — деді ол.

Сонымен қатар, Дмитриев жуырда Ақ үйде өткен кездесуден кейін күтпеген мәлімдеме жасады. Ол Ресей жағы Украинаға кейбір қауіпсіздік кепілдіктерін беруге қарсы еместігін айтты. Бірақ бұл кепілдіктердің нақты қандай екені әзірге белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы