АҚШ пен Иран келіссөздері оң нәтиже беруі мүмкін – CNN

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп келісімге келу мерзімі аяқталғаннан кейін Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасаған болатын.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 04:27
Бүгiн 2026, 04:27
109
Фото: depositphotos.com

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер жақын арада оң бағытта дамуы мүмкін. Бұл туралы CNN телекомпаниясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Телеарнаның мәліметінше, аймақтағы дереккөз «келіссөздерден жақын уақытта екі тараптан да жақсы жаңалықтар күтілуде» деп мәлімдеген. Келіссөздерге Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир тікелей қатысуда.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп келісімге келу мерзімі аяқталғаннан кейін Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасаған болатын. Ол Иран Ормуз бұғазында кеме қатынасын қалпына келтіруге жағдай жасамаса, энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымға соққы жасалуы мүмкін екенін ескерткен.

Кейінірек Трамп Иранмен ықтимал келісімге келу мерзімін АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша 7 сәуір сағат 20:00-ге дейін (8 сәуір, Астана уақытымен 05:00) бір тәулікке ұзартты.

Наверх