Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз: Қос тарап қандай пайда көреді?

Аида БАТУХАН
Бүгiн, 15:12
157
Бөлісу:
 Anadolu
Фото: Anadolu

Бүгін Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленістің жаңа кезеңі және АҚШ-тың өңірдегі әскери қатысуының күшеюі аясында екіжақты кездесу өтіп жатыр. Келіссөз АҚШ өкілдерінің кешігіп келуіне байланысты 1,5 сағатқа кеш басталған. Ирантанушы Жәнібек Көпжасар бұл кездесуден Иран не ұтатынын келесідей болжайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдымен мұнай экспорты қайта жанданады. Екіншіден, Иранның бұғатталған миллиардтаған активтері босатылуы мүмкін. Сондай-ақ экономикасының тынысы ашылады, инфляция баяулайды, риал күшеюі мүмкін, - дейді ол.

Алайда бұл кездесу Иранға да біршама қиындықтар алып келуі мүмкін екендігін жасырмады.

Уранды байыту шектеліп, МАГАТЭ-нің бақылауы күшейеді. Иран “ядролық қаруға жақын ел” статусынан уақытша айырылады, - дейді Көпжасар.

Ал бұл кездесуден АҚШ мұнай бағасын төмендетуге ықпал етеді дейді.

Кездесуден АҚШ не ұтады? Біріншіден, соғыстан құтылады. Мұнай бағасын төмендетуге ықпал етеді. Және Қытай мен Ресейге Иранды толық жібермей, тепе-теңдік сақтайды, - дейді ол.

Сарапшы пікірінше, АҚШ кездесу нәтижесінде ядролық қаруды таратпауға үлкен үлес қосады. Ал бұл Израиль тарапынан наразылықтың болуына алып келеді.

Израиль тарапынан кибершабуылдар күшеюі мүмкін. Тіпті, Израиль АҚШ-сыз Иранға соққы беруі де мүмкін, - деп болжайды ирантанушы.

Аймақтағы араб елдері мен Түркия келісімді қолдайды, Иранмен экономикалық қатынасты дамыта түседі.

Бірақ мұның бәрі уақытша. Келісім соғысты уақытша ғана тоқтатып, үлкен соғыстың алдын алады. Иран әдейі келісімге келіп, күші мен әлеуетін қалпына келтіру үшін уақыт ұтуы да мүмкін, - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Оманда Иран мен АҚШ бойынша келіссөздер басталғанын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы