Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ пен Еуроодақ келісімге келді: сауда шиеленісіне нүкте қойыла ма?

27 Шілде 2025, 23:27
564
Бөлісу:
 AP Photo / Jacquelyn Martin
Фото: AP Photo / Jacquelyn Martin

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық Одақпен (ЕО) сауда келісіміне қол жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 27 шілдеде Шотландияда Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейенмен кездесуден кейін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ пен ЕО арасындағы бұл мәміле Трамп әкімшілігінің Еуропа елдеріне қарсы жоспарлаған 30%-дық баж салығынан бас тартуға жол ашуы мүмкін. Дегенмен, Трамп Брюссель үшін бұл салықты 15%-дан төмендетуге ниетті емес екенін ескертті.

Келісім аясында Еуропалық Одақ АҚШ-тан 750 миллиард доллар көлемінде энергия ресурстарын сатып алуға және 600 миллиард доллар көлемінде американдық экономикаға инвестиция салуға келісті.

Бұған дейін АҚШ президенті 1 тамыздан бастап Еуропалық Одақ тауарларына 30% баж салығын енгізу ниетін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы