Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Палестина азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатты

1 Қыркүйек 2025, 08:11
902
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

АҚШ билігі Палестина азаматтарына виза санаттарының көпшілігін беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Дональд Трамп әкімшілігі Палестина төлқұжатының иелеріне қонақ визаларының барлық дерлік түрін беруді шектеген. Бұл шектеулер оқу, емделу, іссапар және туыстарына бару мақсатында виза алғысы келетін палестиналықтарға да әсер етуде.

АҚШ Мемлекеттік департаменті жаңа ережелер туралы барлық елшіліктер мен консулдықтарға хабарлаған. Алайда шектеулерді енгізудің ресми себебі нақтыланған жоқ. Дегенмен, бұрын виза алған палестиналықтарға бұл шаралар қолданылмайды.

Бұған дейін Associated Press агенттігі АҚШ Мемлекеттік департаментінің 55 миллионнан астам шетелдік азаматтың виза алу тарихын тексеруді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Егер олардың жеке істерінде құқық қорғау немесе иммиграциялық заңбұзушылықтар анықталса, виза иелері елден шығарылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы