АҚШ өз азаматтарын Таяу Шығыстағы 10-нан астам елден кетуге шақырды

Бұл үндеу Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуі аясында жасалып отыр.

 freepik Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
109
Фото: freepik

АҚШ Мемлекеттік департаменті аймақтағы қауіпсіздік жағдайының ушығуына байланысты Америка азаматтарына Таяу Шығыстағы 10-нан астам елден шұғыл түрде кетуге кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен ведомство атынан консулдық мәселелер жөніндегі көмекші Мора Намдар X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.

Қауіпсіздікке елеулі қатер төнуіне байланысты АҚШ азаматтары төменде көрсетілген елдерден кез келген қолжетімді коммерциялық көлікті пайдаланып, дереу кетуі тиіс, – делінген хабарламада.

Кетуге кеңес берілген елдер тізіміне Бахрейн, Египет, Иран, Ирак, Израиль, Газа секторы, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері және Йемен енгізілген.

Бұл үндеу Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуі аясында жасалып отыр.

Наверх