АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметі (NWS) елдің 160 миллионнан астам тұрғыны қатты қар мен нөлден төмен температура әкелетін ерекше қауіпті қысқы дауылға тап болатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Дауыл Батыс жазықтар мен Жартасты таулардан шығысқа қарай жылжып, Мемфис, Нэшвилл, Вашингтон, Балтимор, Филадельфия және Нью-Йорк сияқты қалаларды қамтиды. Қалың қар, қатты жел және аяз өмірге қауіпті жағдай тудырып, көлік қозғалысын бұзуы мүмкін.
NWS болжамына сәйкес, кейбір аймақтарда қар қалыңдығы 30 см-ден асуы мүмкін, ал Солтүстік жазықтарда температура -46 °C дейін төмендеуі ықтимал. Кейбір штаттарда төтенше жағдай жарияланып, Ұлттық гвардия күштері жұмылдырылды. Автокөлік жүргізушілерге демалыс күндері саяхаттан бас тарту ұсынылады.
Кейбір авиакомпаниялар да рейстерді уақытша тоқтатып, қосымша ақысыз өзгерту мүмкіндігін ұсынып отыр.