АҚШ билігі Оңтүстік Африканы G20 саммитінде төрағалық мәртебесін "ұйымның принциптерін бұзуға" пайдаланды деп сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Биылғы саммитке бойкот жариялаған АҚШ өкілдері климат және жаңартылатын энергия мәселелеріне қарсылық білдірді. Дегенмен декларацияда климаттың өзгеруіне және оған бейімделудің қажеттілігіне қатысты тармақтар сақталды.
Reuters деректеріне сәйкес, декларация жобасы АҚШ қатыспай-ақ келісілген. Ақ үйдің дерегінше, бұл "ұят", себебі әдетте декларация барлық қатысушылардың келісімімен бекітіледі. Рамафоса АҚШ қатыспауына байланысты төрағалықты "бос орындыққа" беруге мәжбүр болғанын мәлімдеді.
Келесі саммит 2026 жылы Майамиде өтеді, ал АҚШ 1 желтоқсаннан бастап G20 төрағасы болады. Трамп АҚШ саммитке қатыспағанына қарамастан, "үлкен жиырмалықтың заңдылығын қалпына келтіру" жоспарын қолдайтынын айтты.
Саммитке АҚШ, ҚХР және Ресейдің көшбасшылары қатыспады, олардың орнына өкілетті өкілдері жіберілді.