АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

28 Мамыр 2022, 06:39
1329
Бөлісу:
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық Азия елдеріне сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында АҚШ Мемлекеттік хатшысы, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Америкалық дипломатты ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдап, сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және нығайту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен кездесуде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері қозғалды. Тараптар қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттушылық білдірді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Дональд Лу азаматтық қоғамның қарышты дамуы мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамиканы атап өтіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформаларға қатысты АҚШ Әкімшілігінің қолдауын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы