28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.
Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.