АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақ еліне алғыс айтты

1 Наурыз 2023, 10:40
766
Бөлісу:
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақ еліне алғыс айтты
Фото: Энтони Блинкеннің Twitter-і

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қазақ тілінде алғысын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энтони Блинкен Twitter-дегі парақшасында Қазақстанға жасаған сапары ұнағанын айтып, қазақша жазба қалдырды. 

Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған сапарым мен осы елде өткізген нәтижелі кездесулер ұнады. Қазақстанда жылы қарсы алғаныңыз үшін және #C5plusUS өткізгеніңіз үшін Президент @TokayevKZ және @MFA_KZ алғыс айтамын», – деп жазды Блинкен.

Еске салсақ, кеше Энтони Блинкен Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізді. Бұдан бөлек, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Этнони Блинкенмен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы