Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Мемлекеттік департаменті 100 000-нан астам визаның күшін жойды

Бүгiн, 01:41
197
Бөлісу:
 Getty Images
Фото: Getty Images

2025 жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті шетел азаматтарына берілген 100 мыңнан астам визаны жойды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен – АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден әкімшілігінің соңғы жылымен салыстырғанда екі еседен астам жоғары. Бұл туралы BAQ.KZ Foxnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы шамамен 40 мың виза күшін жойған. Ал 2025 жылғы көрсеткіштің күрт өсуі бақылау жүргізілген бүкіл кезеңдегі рекордтық деңгей болып отыр.

Визалардың жаппай жойылуы президент Дональд Трамптың билікке келген алғашқы күні қол қойған атқарушы жарлығынан кейін орын алды. Аталған құжат шетел азаматтарын тексеруді күшейтуді және бұрын берілген визаларды қайта қарауды көздейді.

Хабарланғандай, күшін жойған визалардың басым бөлігі іскерлік және туристік сапарларға қатысты болған. Негізгі себеп – шетел азаматтарының АҚШ аумағында рұқсат етілген мерзімнен асып кетуі.

Сонымен қатар бұл шешімдер визалардың басқа санаттарына да әсер етті. Атап айтқанда, шамамен 8 мың студенттік виза және 2 500 мамандандырылған жұмысшы визасы жойылған. Мемлекеттік департамент өкілінің айтуынша, визалық мәртебесінен айырылған студенттер мен жұмысшылардың көпшілігі бұрын АҚШ құқық қорғау органдарымен қылмыстық әрекеттерге байланысты болған.

Өзгелердің жаңалығы