АҚШ Мексикамен шекараға қосымша үш мыңға жуық әскери жібермек, деп хабарлайды BAQ.KZ “Америка дауысы” басылымына сілтеме жасап.
Осылайша, шекарадағы әскери қызметкерлердің жалпы саны 9 мың адамға дейін артады.
Пентагонның мәлімдемесінде бұл әрекеттер АҚШ-тың оңтүстік шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға берілгендігін көрсететіні айтылған.
АҚШ президенті Дональд Трамп өз әкімшілігінің шекараны қорғаудағы күш-жігерін мақтап,
Біздің елге басып кіру аяқталды,- деп жазды Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Трамп әкімшілігінің саясатының арқасында шекара барлық заңсыз иммигранттар үшін жабық. АҚШ-қа заңсыз кіруге әрекеттенген кез келген адам ауыр қылмыстық жазаларға және дереу депортацияға тап болады, – деді ол.
Еске сала кетейік, Трамп билікке оралған алғашқы күнінде Мексикамен шекарада қорғаныс қабырғасын қайта салуды, “Мексикада қал” бағдарламасын қалпына келтіруді, Наркокартельдерді шетелдік террористік ұйымдар деп тануды бұйырған болатын.
Сондай-ақ, ол шекарадағы бақылауды күшейту үшін әскер жіберуді тапсырған.