Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Мадуроны шетелдік террористік ұйымның мүшесі деп таныды

25 Қараша 2025, 03:40
450
Бөлісу:
 REUTERS/Manaure Quintero
Фото: REUTERS/Manaure Quintero

АҚШ Қаржы министрлігі Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның серіктестерін Cartel de los Soles шетелдік террористік ұйымының мүшелері деп жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Бұл шешім Мадуро мен айналасындағы тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар енгізуге жол ашады.

Хабарламада аталған ұйым есірткі трафигімен байланысты Венесуэла Қарулы Күштері өкілдерінің децентрализденген желісін қамтитыны айтылған. Сарапшылар бұл ұйымды классикалық қылмыстық топқа емес, үкіметтің сыбайлас шенеуніктеріне тән құрылым деп сипаттайды.

Айта кетейік, бұл мойындау АҚШ-қа күш қолдануға автоматты түрде рұқсат бермейді, бірақ экономикалық және қаржылық санкциялар енгізу мүмкіндігін береді. Мадуро мен үкіметі ұйымның бар екенін жоққа шығарып келеді.

Өзгелердің жаңалығы