Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Мадуро мен оның жұбайына есірткі терроризмі бойынша айып тақты

3 Қаңтар 2026, 19:10
596
Бөлісу:
 Associated Press
Фото: Associated Press

АҚШ Мадуро мен оның жұбайына есірткі терроризмі бойынша айып тақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ-тың бас прокуроры Памела Бонди жақын уақытта ерлі-зайыпты сот алдына шығатынын мәлімдеді.

Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске Нью-Йорктің Оңтүстік округінде айып тағылды. Николас Мадуроға есірткі терроризмі мақсатындағы сөз байласу, кокаинді заңсыз әкелу жөніндегі сөз байласу, пулеметтер мен қиратқыш құрылғыларды заңсыз сақтағаны, сондай-ақ пулеметтер мен қиратқыш құрылғыларды Америка Құрама Штаттарына қарсы заңсыз сақтау мақсатындағы сөз байласу бойынша айыптар тағылды. Жақын арада олар АҚШ аумағында, америкалық соттарда америкалық әділеттің бар қатаңдығымен бетпе-бет келеді, - деді ол.

Сонымен қатар АҚШ Әділет министрлігі атынан америкалық халықтың атынан жауапкершілік талап етуге батылдық танытқан президент Трампқа алғыс айтты.

Сондай-ақ осы екі халықаралық деңгейде күдікке ілінген есірткі саудагерін ұстау бойынша керемет әрі аса сәтті операция жүргізген ержүрек әскерилерімізге зор ризашылығымды білдіремін, - деді Памела Бонди.

Өзгелердің жаңалығы