АҚШ Қарулы күштері таяу уақытта Латын Америкасындағы жерүсті нысандарына әуе соққыларын жасауды қолға алады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департаменттегі салтанатты қабылдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Вашингтон есірткі тасымалына қарсы күресте «өте қатаң ұстаным» ұстанып отыр: осы уақытқа дейін АҚШ-қа теңіз арқылы жеткізілетін есірткі көлемін 94%-ға дейін азайтуға мүмкіндік болған.
Енді осы үдерісті құрлықта да бастаймыз: олардың әрбір бағытын, тығылатын әрбір ғимаратын білеміз, – деді Трамп.
Ол былтыр АҚШ-та есірткінің кесірінен шамамен 300 мың адамның қайтыс болғанын еске салды.
Президенттің айтуынша, жаңа шаралар наркокартельдердің инфрақұрылымын толық жоюға және халықты есірткінің қаупінен қорғауға бағытталған.