АҚШ "Роснефть" пен "Лукойл" компанияларына қатысты енгізілген санкциялардан Каспий құбыр консорциумын (КҚК), "Теңізшевройлды" және Қарашығанақ жобасын шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған 124b нөмірлі бас лицензияда айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, аталған жобаларға қатысты операциялық қызмет пен өзге де транзакцияларды жүзеге асыруға рұқсат беріледі. Алайда лицензия компания үлестерін сату немесе беру сияқты операцияларға рұқсат етпейді.
12 қарашада Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ кен орнын санкциялардан шығару бойынша жұмыс жүріп жатқанын және тиісті құжаттардың АҚШ тарапына жіберілгенін хабарлаған болатын.
Қазан айында АҚШ Қаржы министрлігі "Лукойл", "Роснефть" және олардың 34 еншілес компаниясын санкциялар тізіміне енгізген болатын.