АҚШ кәсіпқой боксшылардың 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуына қатысты маңызды шешім қабылдады

Іріктеудің алғашқы кезеңі 2026 жылғы 5–12 желтоқсан аралығында Луизиана штатындағы Лафайетт қаласында өтеді.

 pexels.com 23 Қазан 2026, 08:28
23 Қазан 2026, 08:28
205
Фото: pexels.com

АҚШ бокс федерациясы (USA Boxing) кәсіпқой боксшыларға 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаны іске қосатынын ресми түрде жариялады. Бұл туралы BAQ.KZ федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық Boxing Insider басылымының мәліметінше, ұйым кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген спортшыларды іріктеудің арнайы жүйесін әзірлеген. Енді олар 2027 жылғы Панамерика ойындарына және 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуға үміткер бола алады.

Іріктеудің алғашқы кезеңі 2026 жылғы 5–12 желтоқсан аралығында Луизиана штатындағы Лафайетт қаласында өтеді. Арнайы турнир АҚШ-тың бокстан ұлттық чемпионатымен қатар ұйымдастырылады. Алайда кәсіпқой боксшылар әуесқой спортшылардан бөлек сынға түседі.

Олимпиадалық салмақ дәрежелерінде жеңіске жеткен боксшылар 2027 жылдың басында Колорадо-Спрингс қаласында өтетін ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына шақырылады. Онда спортшылар қосымша бағалаудан өтіп, АҚШ құрамасына ену үшін бақ сынайды.

USA Boxing директорлар кеңесінің төрағасы Крис Тромбеттаның айтуынша, бұл бастаманың басты мақсаты – өз алаңында өтетін Олимпиадада ел намысын қорғайтын барынша мықты құрам қалыптастыру.

Сонымен қатар федерация әуесқой боксшыларды іріктеудің қолданыстағы тәртібі өзгермейтінін атап өтті. Кәсіпқой спортшылар ұлттық құрамаға қосылудың қосымша мүмкіндігіне ие болады, алайда Олимпиадаға жолдама оларға автоматты түрде берілмейді.

Айта кетейік, кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға 2016 жылдан бастап рұқсат етілген. Ал USA Boxing ұйымының қазіргі шешімі америкалық кәсіпқой боксшыларды ұлттық құрамаға іріктеудің арнайы ресми тетігін қалыптастыруды көздейді.

2028 жылғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелесте өтеді. Бокс жарыстарында ерлер мен әйелдер арасында жеті-сегіз емес, әрқайсысы жеті салмақ дәрежесінен, жалпы 14 салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады.

Наверх