АҚШ Жағалау күзеті «мұқият үйлестірілген» арнайы операция барысында «елес флотына» тиесілі екі мұнай танкерін басып алды. Бұл туралы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, операциялар бірнеше сағаттық айырмашылықпен жүргізілген. Танкерлердің бірі Солтүстік Атлант мұхитында, екіншісі Кариб теңізіне жақын халықаралық суларда тоқтатылған.
Кристи Ноэмнің мәліметінше, Marinera және Sophia танкерлері бұған дейін Венесуэла порттарына кірген немесе сол бағытқа бет алған. АҚШ билігі бұл кемелерді санкцияларды айналып өту мақсатында пайдаланылған «елес флотына» жатқызады.