Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық күн тәртібі мен жағдайдың даму үрдісін, оның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты Министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалауда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады, - деп хабарлады министрлік.
Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен іскерлік қарым-қатынас жасайтын әрбір елге 25% тариф енгізбек.