АҚШ – Иран – Израиль арасындағы геосаяси дауыл: мұнай бағасы күрт өсті

Иранмен соғыс және Ормуз бұғазындағы танкерлерге жасалған шабуылдар салдарынан мұнай бағасы күрт өсті.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 08:12
Бүгiн 2026, 08:12
111
Фото: depositphotos.com

Мұнай бағасы дүйсенбі, 2 наурызда сауданы күрт өсіммен бастады. Нарық 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы және Ислам Республикасының жауап шабуылдары туралы жаңалықтарға реакция білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ге сілтеме жасай отырып.

Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4:00-дегі сауда мәліметтеріне сәйкес, Лондонның ICE биржасында мамыр айындағы Brent шикі мұнай фьючерстерінің бағасы 13,04 пайызға өсіп, баррелі 82,37 долларға жетті.

Мұнайдың баррелі 82 доллардан жоғары соңғы сауда бір жылдан астам уақыт бұрын, 2025 жылдың 16 қаңтарында болған.

Кейінірек өсім 8,93 пайызға дейін баяулады, мұнай баррелі 79,38 долларды құрады.

ICE Futures биржасында Brent шикі мұнайының саудасы демалыс күндері өтпейді, сондықтан нарық бүгін Ирандағы оқиғаларға ғана реакция білдіруде.

Ормуз бұғазы ресми түрде жабылған жоқ, бірақ үш танкер зақымдалған. Сақтандырушылар сақтандыруды тоқтатып жатыр, ал мұнай компаниялары мен саудагерлері мұнай, отын және сұйытылған табиғи газ жеткізуді тоқтатты. Бұғаз арқылы тасымал 38-50 пайызға төмендеді.

Reuters агенттігінің MarineTraffic кемелерді бақылау платформасының деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, мұнай тасымалдаушыларды қоса алғанда, кем дегенде 150 танкер Парсы шығанағының ашық суларында, ал екінші жағында, Араб теңізінде зәкір тастап тұр.

Егер Ормуз бұғазы жабылса, бағалар 100 доллардан асып кетуі мүмкін деп санайды сарапшылар.

Наверх