Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ импортқа салынатын алымдар есебінен 300 млрд доллар жинамақ

9 Шілде 2025, 01:27
887
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

АҚШ 2025 жылдың соңына дейін жаңа енгізілген импорттық баждар есебінен 300 миллиард доллардан астам қаражат жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы 8 шілдеде елдің қаржы министрі Скотт Бессент президент Дональд Трамптың қатысуымен өткен Ақ үйдегі үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 миллиард доллардан асады деп күтеміз, - деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде Вашингтон импорттық баждар арқылы 1,1 трлн доллар көлемінде табыс алған.

Осыған дейін Трамп 6 шілдеде БРИКС саясатын қолдайтын елдерге қосымша 10% баж салығы салынатынын хабарлаған болатын. Бұл шаралар ешқандай ерекшелікті қарастырмайтыны және АҚШ-тың сауда саясатын қайта қарау аясында қабылданып жатқаны айтылды.

The Telegraph басылымының мәліметінше, бұл баждар Ресей экономикасына айтарлықтай әсер етпейді. Алайда сарапшылар бұл бастама АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған кез келген прогресті жоққа шығаруы мүмкін екенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы