Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ гиперсоникалық зымырандарды жаппай өндіріп жатыр – Трамп

25 Мамыр 2025, 04:21
822
Бөлісу:
 Rebecca Noble / Getty Images
Фото: Rebecca Noble / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары гиперсоникалық зымырандарды жаппай жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Вест-Пойнт әскери академиясында өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде айтты. Іс-шара Ақ үй тарапынан көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз оларды жасадық. Енді біз көп мөлшерде жинап жатырмыз, – деді Трамп өз баяндамасында.

Ол сондай-ақ, гиперсоникалық зымырандарға қатысты сызбалар АҚШ-тан Барак Обама әкімшілігі кезінде ұрланғанын мәлімдеді.

Білесіздер ме, біздің сызбаларымыз ұрланған. Біз — оларды әзірлеген мемлекетпіз. Бірақ олар Обама кезінде ұрланды. Оларды кім ұрлағанын білесіздер ме? Орыстар. Өте жағымсыз жағдай болды, – деп атап өтті Трамп.

Ол бұған дейін де Ресей АҚШ-тан "супер-пупер-зымыранның" сызбаларын ұрлады деп мәлімдеген болатын. Өз кезегінде, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәлімдемеге жауап ретінде Ресей Федерациясының әлемде баламасы жоқ гиперсоникалық қаруға ие екенін және мұндай қарудың ешбір елде жоқ екенін айтқан.

Қазіргі таңда АҚШ гиперсоникалық қару жасау саласында Ресей мен Қытайдан артта қалғаны бірнеше рет айтылған. Ресей армиясы мұндай зымырандарды қарулану жүйесіне енгізіп, әскери қимылдарда қолданып келеді.

Ресей Федерациясы бірнеше гиперсоникалық зымыран түрін жасаған: теңіз базасындағы "Циркон", әуе базасындағы "Кинжал" және шахтада орналасқан стратегиялық "Авангард".

Өзгелердің жаңалығы