АҚШ-тың Қазақстандағы ресми өкілі Кристофер Соренсен Дональд Трамптың көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға да, «өзара» баж салығын енгізу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл шараның Америка мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынастарына қандай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға енгізілген тариф 27% құрайды. Бұл – Орталық Азия елдері арасында ең жоғары баж салығы.
«Курсив» басылымының ресми сұрауына жауап берген Соренсен бұл тарифтер «сауда саясатының бір бөлігі болып табылады, ол белгілі бір теңсіздіктерді жоюға және халықаралық нарықтарда АҚШ-тың әділ қарым-қатынасына ықпал етуге бағытталған» деп атап өтті.
Олар АҚШ-тың пайдасыз келісімдерге қатысты көп жылғы алаңдаушылықтарын ескере отырып, сауда тәжірибелерін реттеуге арналған кең ауқымды шараларды көрсетеді, – деп мәлімдеді АҚШ өкілі.
Сондай-ақ, Соренсен тарифтер енгізілгенімен, бұл АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастардың негіздеріне әсер етпейтінін айтты.
АҚШ пен Қазақстан өзара мүдделер мен коммерциялық секторлар бойынша дипломатиялық және экономикалық қатынастарды жалғастыруда. Тарифтер енгізілгенімен, бұл екіжақты қатынастардың жалпы құрылымын өзгертпейді, – деп атап өтті Соренсен.