Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақ тілін неге үйрене алмай жүргенін түсіндіре алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетсек, биыл сәуірде Алмасадам Сәтқалиев қазақшаны 6 айда үйренемін деп уәде берген еді.
Үкіметтегі баспасөз мәслихатында "АҚШ дипломаты қазақ тілін 9 айда үйренді. АҚШ дипломаты үйреніп алған қазақ тілін сіз неге үйрене алмай жатырсыз? Ұят емес пе?" - деп сұрақ қойды журналист.
Сұрағыңызға рахмет! Үйренеміз, - деп қысқа қайырды Сәтқалиев.