АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың баж салығынан 600 миллиард доллардан астам пайда тапқанын және бұл көрсеткіштің алдағы уақытта өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тарифтердің арқасында біздің ел қаржылық және Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бұрынғыдан да күшті және құрметті, - деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар, Трамп кейбір БАҚ-тың АҚШ-ты құрметтемейтінін және тарифтерді енгізу процесіне араласуға тырысып жатқанын тілге тиек етті.
Оның айтуынша, АҚШ Жоғарғы Соты тарифтер бойынша шешімді тарихтағы ең маңызды шешім болды деп бағалаған.