Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тынық мұхиты аймағындағы «тиімді ынтымақтастықты дамыту және аймақтың аралдық мемлекеттеріне қолдау көрсету» бағытындағы жаңа одақ туралы Ақ үй мәлім етті.
Partners in the Blue Pacific (PBP) серіктестігі АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия және Жапония арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңі деген атауға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Тынық мұхиты басымдықтарын қолдау үшін біздің бес ел кешенді бейресми тетікті – Partners in the Blue Pacific серіктестігін іске қосты. Бұл жаңа бастама біздің өңірге деген адалдығымызға, Тынық мұхитындағы аралдық елдерімен тығыз байланыстарға және бұрыннан келе жатқан әріптестігімізге негізделген. Біз Тынық мұхит елдері жетекшілігімен зайырлық, ашықтық, есеп берушілік негіздеріне сәйкес аймақты қолдауда пікіріміз ортақ, – делінген хабарламада.
Ұйым Тынық мұхиты аймағының басты мәселелерін назарда ұстап, оған кіретін елдердің басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту мәселелерін шешеді деп жоспарлануда.
Алда өтетін саммитте альянс стратегиясының қабылдануы күтілуде. Тынық мұхит аралдарының форумында 2050 жылға дейінгі жоспарды әзірлеу және қолданыстағы жобалардың карталары жасалып, болашақ бастамалар талқыланады.
Ақ үйдің веб-сайтында жаңа альянс «инклюзивті, бейресми және ынтымақтастыққа ашық» серіктестік, оның күш-жігері климат дағдарысына қарсы тұруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көлік желілерін дамытуға, денсаулық сақтау мен білім беруге бағытталғаны айтылған.