АҚШ әскері енді қызметке трансгендерлерді алмайды

16 Ақпан 2025, 14:46
376
Бөлісу:
АҚШ әскері енді қызметке трансгендерлерді алмайды
Фото: Lev Radin / Keystone Press Agency / Global Look Press

АҚШ Қарулы күштері енді трансгендерлерге әскери қызметке тұруға рұқсат бермейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған шешім Дональд Трамптың трансгендерлердің әскерде қызмет етуіне тыйым салу туралы жарлығымен байланысты. Сонымен қатар құжатта тек екі жынысты – ер мен әйелді ресми түрде тану қажеттігі атап өтілген.

АҚШ армиясы бұдан былай трансгендерлердің Қарулы күштер қатарына қосылуына рұқсат бермейді, сондай-ақ әскери қызметкерлерге жыныстық ауысу процедураларын жүргізуге немесе оған жағдай жасауға тоқтау салады, — делінген АҚШ Қарулы күштерінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми хабарламасында.

Бұл шектеу елдегі ЛГБТ+ құқықтарын қорғау саласындағы пікірталастарды күшейтіп, адам құқықтары жөніндегі ұйымдар тарапынан сынға ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұрын жыныс ауыстырған әскери қызметкерлердің тағдыры да белгісіз болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы