Ақсай өзені – Алматыдағы сел қаупі бар өзендердің біріне жатады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақсай өзенінің жоғарғы ағысында 25 мұздық және 20 морено-мұздық көл орналасқан.
Ақсай селді ұстау бөгетінің құрылысы маңызды болып саналады және оның мақсаты сел аймағында орналасқан халықтың өмірін пен шаруашылық нысандарын қорғау. Қазіргі уақытта мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан нысанның құрылысы тоқтатылып, тиісті келісімшарт бұзылған, - деді ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Арман Ахметов.
Ол мореналық көлдер қысқы режимде, көлдің жарылу қаупі жоқ екенін айтты.
Төтенше жағдайлар министрі Ч.С.Ариновтың бастамасымен, АФМ-ге процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті материалдарды тапсырдық. Сел қаупі аймағында 30 мыңнан астам адам бар. Бөгеттің аяқталмаған құрылысы Ақсай өзенінің бойымен өтетін сел жағдайында сел қоймасында оның жиналу қаупін тудырады, бұл жағдайда ол аяқталмаған бөгеттің жарылуына және топырақтың шайылуына, қайталама селдің пайда болуына әкеледі. Қазіргі уақытта мореналық көлдер қысқы режимде, көлдің жарылу қаупі жоқ, - деді ол.