Аққожина: Біз облыс тұрғындарын мәселелерін білу үшін шықтық

8 Қаңтар 2024, 17:36
686
Бөлісу:
Аққожина: Біз облыс тұрғындарын мәселелерін білу үшін шықтық
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат депутаты Бибігүл Аққожина Қостанай облысындағы аурухананың, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен, мәслихаттардың депутаттарымен кездесті және азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер туралы білу үшін өңірге сапарға шықтық. Біз мәслихаттармен бірлесе отырып азаматтарды не мазалайтынын зерделеп, кейіннен ол мәселелерді заң шығару жұмысында пайдаланатын боламыз, - деп атап өтті сенатор.

ХҚКО қызметкерлерімен кездесуде тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру мәселелері көтерілді және осы қызметті көрсету жеделдігінің маңыздылығы, сондай-ақ процеске барлық қатысушыларға ыңғайлылығын одан әрі арттыру атап өтілді.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында техникалық сумен жабдықтау, автомобиль жолдарының жай-күйі, жылумен жабдықтау және аудан орталықтарына көмір жеткізу мәселелері талқыланды. Сенатор энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударды. Кездесулерде Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында жарияланған негізгі тұжырымдары талқыланды, онда жылумен жабдықтау саласын одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілген болатын.

Кездесу барысында мәслихат депутаттары мектептер мен балабақшаларды салу мен қаржыландыруға, ауруханаларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешудің маңыздылығына сенатордың назарын аударды. Сенатор өз кезегінде бұл проблемалар бақылауға алынатынын, сондай-ақ Сенат жұмысы барысында қаралатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы