Ақпарат министрлері тұрақты кездесуі керек – Асаджон Ходжаев

16 Сәуір 2025, 11:04
407
Бөлісу:
Ақпарат министрлері тұрақты кездесуі керек – Асаджон Ходжаев
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және қоғамдық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев Астанада өтіп жатқан ІІ Орталық Азия медиа форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастықтың институционалдық және нормативтік-құқықтық негізін нығайту қажет деп санайды.

Менің ойымша, Ақпарат министрлері тұрақты кездесуі керек. Қазіргі таңда басқа бағыттар бойынша шамамен 20 шақты формат жұмыс істейді, сол арқылы министрлер тұрақты түрде кездесіп отырады. Өкінішке қарай, біз, ақпарат саласының өкілдері, өте сирек жүздесеміз, - деді Ходжаев.

Өзбекстанның Ақпарат және қоғамдық коммуникациялар агенттігінің директоры жиі пікір алмасу үшін әртүрлі алаңдар мен форматтарды пайдалану қажетін айтты.

Қазіргі кезде біз көбіне басқа іс-шаралар аясында ғана кездесеміз. Осыған байланысты ақпарат министрлерінің тұрақты кездесулерін қамтамасыз ететін нақты тетік қажет деп санаймын, - деп ұсыныс білдірді Асаджон Ходжаев.

Өзгелердің жаңалығы