Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың болжамынша, Қазақстанда қолайсыз ауа райын атмосфералық фронттар қалыптасуды жалғастыруда.
Алдағы күндері Қазақстан кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерін сезінетін болады. Ауа райы бұлтты және желді болады. Еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с күшейеді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Солтүстік аймақтарда қатты қар, бұрқасын болады деп болжануда. Сонымен қатар циклонның әсерінен ауа температурасы белгілі бір уақытта жылынады. Кейін жылы ауа райының температурасы күрт төмендеп аязға ұласады. 10 ақпанға қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 12-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды, - делінген хабарламада.