Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Ақпан айында жаңбыр жауып, қыс мезгілінің әдеттегі көрінісінде өзгеріс байқалды. Синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болып, қар мен жаңбыр, боран және көктайғақ күтілетінін хабарлады.

Жақын күндері елдің шығысында қалың қар жауса, одан кейін батыс өңірлерде қар күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады.

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 0-ден –10 градусқа дейін, күндіз –10-нан +2 градусқа дейін болады.

Солтүстік-батыста түнгі температура –3…–13 градустан –17…–28 градусқа дейін төмендейді, күндіз –8-ден 0 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстікте түнде –5…–15 градустан –18…–28 градусқа дейін, күндіз –10-нан +1 градусқа дейін болады.

Оңтүстікте түнгі ауа температурасы –5…–18 градустан +5…+8 градусқа дейін, күндіз –13…+5 градустан +5…+15 градусқа дейін өзгереді.

Шығыста түнде ауа температурасы –10…–20 градустан 0…–12 градусқа дейін, күндіз –7…–15 градустан 0…–10 градусқа дейін ауытқиды.

Оңтүстік-шығыста түнде температура –2…–16 градустан 0…–13 градусқа дейін төмендейді, күндіз –13-тен +8 градусқа дейін жоғарылайды.

Синоптиктер боран мен көктайғақ салдарынан жолдарда жағдай қиындауы мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ақпан айында күн қандай болатыны туралы болжамды жаңартқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы