Ақпан айында жылдық инфляция баяулады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылғы ақпанда жылдық инфляция 9,3 пайызға дейін баяулады. Инфляция мен инфляциялық күтулердің төмендеуіне байланысты Ұлттық Банк ақпанда базалық ставканы 14,75 пайызға дейін, яғни 50 базалық тармаққа төмендетті. Сонымен бірге, жылдық инфляцияның баяулау қарқыны азайғанын айта кеткен жөн. Ақпанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты. Маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа нарықтық тауарлар мен қызметтер бағасы тез өсті, - дейді ол.
Сүлейменов қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсарту мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі екенін айтты.
Инфляция факторларының қалыптасқан балансы, оның биылғы (еск -айлық) қарқынының динамикасы алдағы уақытта шешім қабылдау кезінде базалық ставканы қалыптасқан деңгейде сақталу ықтималдығын арттырып отыр. Деректерді жинау, сондай-ақ экономикалық және фискалдық реформалардың іске асырылуын мониторингтеу қажет, - дейді Ұлттық банк басшысы.