Ақпан айында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ақпанда температура нормадан 1-2 градус жоғары болатыны болжанып отыр.
Алайда кейбір күндері қаңтар айындағыдай аяз күшейеді. Түнде -20,-28 градус, күндіз -10, -15 градусқа дейін суытады.
Кейбір күндері оңтүстік циклон әсерінен ауа температурасы оңтүстікте +5, +15 градус болуы мүмкін.