Ақордада кадрлық өзгерістер: ОКҚ-ның жаңа директоры тағайындалды

Орталық коммуникациялар қызметі мен Президент Әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Жаңа қызметке кімдер тағайындалды және кім лауазымынан босатылды?

 Ақорданың баспасөз қызметі 20 Қазан 2026, 15:01
20 Қазан 2026, 15:01
160
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының өкімдерімен Орталық коммуникациялар қызметінің басшылығы мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінде кадрлық өзгерістер болды.

Ақорданың ресми хабарлауынша, Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Ал Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Кадрлық өзгерістер Мемлекет басшысының тиісті өкімдерімен рәсімделді.

Наверх