"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Еске салсақ, Гвинея-Бисау президенті Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Ақордада Гвинея-Бисау президентін салтанатты түрде қарсы алды

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Еске салсақ, Гвинея-Бисау президенті Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.
-
1WhatsApp-та енді дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыруға болады12162Зардап шеккендер жоқ: 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді9813Қазақстанға жақын мемлекетте ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін вирус тарап жатыр9064Тонга жағалауында 6,5 балдық жер сілкінісі болды8625Екі жас "бірге тұрып көреміз" дейді: Заңсыз некеге тосқауыл керек824