Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Ақорда" резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

1 Маусым 2025, 15:22
826
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, спорт сайыстарының жүлдегерлері, батыл әрекетімен көзге түскен балалар келді. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер де болды.

"Ақорда" резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды
подпись

 

Экскурсия кезінде оқушылар Ақорданың орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған залдарды, Мемлекет басшысының кітапханасын, сондай-ақ резиденция аумағындағы бақты аралады.

"Ақорда" резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

 

Экскурсоводтар ғимарат құрылысының тарихы, оның ерекшеліктері мен мұнда өтетін іс-шараларға байланысты қызықты фактілер жайында мәлімет берді.

 

"Ақорда" резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

Сонымен қатар оқушыларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

"Ақорда" резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

Өңірлерден келген балалар елорданың көрікті орындарын да аралайды.

 

"Ақорда" резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

 

Биыл Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар алгоритмі «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасына сай түзілді. 22 мамырдан басталып 1 маусымға дейін жалғасатын онкүндік аясында отбасы, қауіпсіздік, денсаулық, білім беру, бала құқығын қорғау секілді маңызды мәселелерге баса назар аударылды.

 

"Ақорда" резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

Ел аумағында отбасылық, ағартушылық, қайырымдылық бағыттарындағы рәсімдер, көрмелер, спорттық турнирлер, экологиялық акциялар, дәрігерлер мен психологтардың қабылдаулары ұйымдастырылды. Декаданың бір күні цифрлық технологияларды ілгерілетуге және цифрлық ортада балаларды қорғауға арналды.

Өзгелердің жаңалығы