Ақмолалық полицейлер браконьерлерден 3,5 шақырымнан астам ау тәркіледі

4 Шілде 2023, 20:07
668
Бөлісу:
Ақмолалық полицейлер браконьерлерден 3,5 шақырымнан астам ау тәркіледі
Фото: polisia.kz

Ақмолалық полицейлер браконьерлерден 3,5 шақырымнан астам ау тәркіледі, деп хабарлайды BAQKZ polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

1 шілде күні Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері Қорғалжын ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шолақ көлінде рейдтік іс-шараларды өткізу барысында екі үрлемелі қайықтың иелерін ұстады. 

Тексеру нәтижесінде полицейлер ер адамдардың жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын тыйым салынған синтетикалық ауларды пайдаланып, балық аулағанын анықтады. 

Аталған дерекке қатысты ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы