Ақмолада үйлердің бірінен 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды

2 Мамыр 2024, 09:15
443
Бөлісу:
Ақмолада үйлердің бірінен 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алдын ала болжам бойынша ер адам көміртегі тотығымен уланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Осы түні Ақмола облысында Жаңақима ауылдық округінде жеке тұрғын үйлерінің бірінде жылыту пешінің ақаулығынан 50 жастағы ер адамның өлімі орын алды. Оқиға орнынан мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша: көміртегі тотығымен уланған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы