Астана, BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысының жолдары көктайғақ салдарынан жабылды, деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Көктайғақ салдарынан Көкшетай-Омбы, Щучье-Петропавл, Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка жолдары жабылды. Бұған дейін Қазгидромет Ақмола облысында жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп, қалың қар түсетіндігін, көктайғақ болып, боран тұратындығын және тұман басатындығын ескерткен еді.
Ауа райының қолайсыздығынан кеше Астана-Щучье және Астана-Қостанай жолдары да жабылды.