Ақмола жолдарына 11 блок-бекет қойылды

23 Шілде 2020, 19:03
1404
Бөлісу:
Ақмола жолдарына 11 блок-бекет қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 шілдеден бастап Ақмола облысының аумағында блок-бекеттер тәулік бойы қайтадан жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстың Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Аймақта коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізілді, ол локдаун аяқталғанға дейін әрекет етеді. 

Бурабай ауданы ерекше бақылауда болады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады. Зеренді және Ерейментау аудандары да кіретін жол жабылады. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан, - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блокпост пен 10 мобильді топ жұмыс істей бастайды. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді. 

Айта кетейік, Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің облыстағы рекреациялық және курорттық аймақтарда карантиндік іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шыққан болатын. Басқарма қызметкерлері азаматтарды уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға және аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды жақсарту үшін ережелерді қатаң сақтауға шақырады. 



Өзгелердің жаңалығы