Ақмола полицейлері көкөніс дүкенінде жасалған ұрлықты ашты

26 Желтоқсан 2021, 17:02
1037
Бөлісу:
Ақмола полицейлері көкөніс дүкенінде жасалған ұрлықты ашты

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Ақмола полицейлері көкөніс дүкенінде жасалған ұрлықты ашты, депхабарлады облыстық полиция департаменті.

Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жібек Жолы ауылының 43 жастағы тұрғыннан   белгісіз тұлға дүкеннен 15 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын және 10 банка энергетикалық сусын ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті.

Шығын сомасы 19 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 35 жастағы тұратын жері жоқ адам болып шықты. Мас күйінде терезе торын бұзып, қаскүнем көкөніс дүкеніне кіріп, кассадан ақша мен 10 бөтелке энергетик ұрлап әкеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы