Ақмола өңірінде республикалық трасса уақытша жабылады

15 Шілде 2023, 19:46
715
Бөлісу:
Ақмола өңірінде республикалық трасса уақытша жабылады
Фото: Артём Чурсинов

15 шілде сағат 18:00-ден бастап 16 шілде сағат 08:00-ге дейін Р-10 айналма жолында (Ақмола өңірі) көлік қозғалысы толық шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтожол» мекемесіне сілтеме жасап.

Мердігер ұйым жол жабының жоғарғы қабатын орнату жұмыстарын жүргізеді.

Балама жол ретінде Ы. Алтынсарин ауылы арқылы өтетін жолды (96 разъезд) қолдануға болады.

Сонымен қатар қалаішілік жолдар арқылы қатынауға болады: С.Мұқанов (мамандандырылған ХҚКО) - Баршын көшесі – Н.Тілендиев көшесі – Көктал көшесі – М. Дулатов көшесі - А. Герцен көшесі – Малахов көшесі – Сусамыр көшесі-30 – шы көше-Өндіріс көшесі.

Жүргізушілерден жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы