Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов пен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың, сондай-ақ облыстық ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті.
Ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірінің лауазымды тұлғасына және басқа тұлғаларға қатысты бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген ұсынысты қаралды.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің назарына өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғасына және бизнес субъектілеріне қатысты бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс шеңберінде ақпарат жеткізілді.
Қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін адал атқармауы және ветеринария, сондай - ақ ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары тарапынан әрекетсіздігі аталған құқық бұзушылықтарға алып келді, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов.
Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы бірқатар ұсыныс енгізді, соның ішінде бюджет қаражатының тиімді және уақтылы игерілуіне бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша тұрақты жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізу бойынша.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңашылдықтардың маңызды аспектілерін түсіндіріп, мемлекет жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына миллиардтаған теңге бөледі. Осы саладағы қандай да бір сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар елеулі салдарларға әкеп соқтыратынын түсіну қажеттігін атап айтты.
Сонымен қатар ол бірнеше рет құқық бұзушылық жасалғандықтан, ұжымда тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ҚР заңнамасының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатаң тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдауды ұсынды.