Ақмола облысының су тасқынына дайындығы тексерілді

10 Ақпан 2024, 18:28
897
Бөлісу:
Ақмола облысының су тасқынына дайындығы тексерілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысында «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, су тасқыны кезеңінде ТЖ туындаған кездегі практикалық іс-шаралар кешені пысықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов қатысты.

Оқу-жаттығудың практикалық бөлімінде су басу қаупі салдарынан халық дабыл сиренасы арқылы құлақтандырылды.

Инертті материалдар жедел дайындалып, қаптар төселді. Халық пен үй жануарларын эвакуациялау жүргізілді.

Аулаларды аралау және қап төсеу үшін еріктілер тартылды. Құтқарушылар жүзу құралдарының көмегімен су басу аймақтарынан өткел жасады. Қар шығару және еріген суды өнімділігі жоғары мотопомпалармен айдау жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы